Медиация тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3 тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта О., «А» ЖШС аймағында Тойота Ленд Крузер автокөлігін көріп, есікті тартып оның ішіне кіргеннен соң электр сорғыны, сымдарды, медициналық қорапшаны, дабылдың пультін ұрланғаны анықталды. Жәбірленушіге жалпы соммасына  60 500 теңге материалдық шығын келтірді.

Екі күннен кейін О. «И» ЖК ғимаратына кіріп, есікті тартып бөлменің ішіне кіріп, онда орналасқан әйелдер сөмкесінен 10 000 теңге ұрлап кетті.

Сотта іс жүргізу барысында жәбірленуші мен сотталушы тарапынан медиациялық келісімге келгендіктері және кылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш түсті.

Соттың қаулысымен жәбірленуші мен сотталушы тарапынан татуласуына байланысты және медиация реттеу тәртібімен шешілгендіктен О.-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі