«Медиация - Пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Самар ауылының Достық үйінде сот төрағасы Н.О. Нұралинов ауыл тұрғындарымен «Медиация—пилоттық жоба » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында Н.О. Нұралинов,  2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасының бекітілгенін, пилоттық жобаны іске асырудағы ортақ ережені, түсініктерін, мақсатын, міндетін және тәртібін түсіндіріп өтті. Медиацияны өткізу міндетті санаттағы дауларды атап өтті, олар: қарыз шарттары және кейбір еңбек даулары, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен сөйлесу тәртібін анықтау, басқалардан баланы тартып алу, неке бұзу және мүлікті бөлісу туралы даулар екендігін  түсіндірді.

Бітімгершілік іс-шараларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау үшін судьялар және сот мамандарының  мақалалары тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Іс-шара соңында Н.О.Нұралинов шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі