Медиация – оңтайлы шешім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотымен ҚК-нің 190-бабының, 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) Ш.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  азамат Ш.-ның Аягөз қаласының тұрғыны   Ю-дің «Самсунг» маркалы ұялы телефонын сұрап алып, кейіннен жоғалтып алдым деп, алдап сатып жіберіп, жәбірленушіге 40 000 теңге  көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленушіден медиация тәртібімен татуласқандары туралы өтініш түсті.

Соттың қаулысымен азамат Ш. қылмыстық жауаптылықтан жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты босатылып, қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі