«Медиация институты» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева «Медиация институты» тақырыбында сот қызметкерлеріне семинар сабағын өткізді.

 Іс-шара барысында 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сот алдындағы дауды реттеу  пилоттық жобасының бекітілгенін, оны іске асырудағы ортақ ережені, түсініктерін, мақсатын, міндетін және тәртібін түсіндіріп өтті. Медиация өткізу міндетті санаттағы дауларды атап өтті, олар қарыз шарттары және кейбір еңбек даулары, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен сөйлесу тәртібін анықтау, басқалардан баланы тартып алу, неке бұзу және мүлікті бөлісу туралы даулар екендігін  түсіндірді.

Сонымен қатар, аталған пилоттық жоба ағымдағы жылдың шілде айына дейін жүзеге асырылған болатын, дегенмен ол жылдың аяғына дейін ықпал ететіндігін, кейінгі сотқа дейін реттеу істердің санаттарын мақсатқа лайықтылықты анықтау туралы ұсыныстарын енгізу керек екені туралы атап өтті. Сонымен бірге сотқа дейін реттеу істердің санаттарының шеңбері кеңейтілгенін түсіндіре келе, жаңа санаттағы істерді қосты, әсіресе мүлікті меншік құқығы деп тану, тауар жеткізілімі, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, корпоративтік даулар туралы және медициналық қызмет көрсетуіне байланысты дауларды кіргізгенін түсіндірді.

Іс-шара соңында Л.Құнанбаева шараға қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

 

Көкпекті ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі