«Медиация – дауды шешудің жолдары» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен Краснояр ауылдық округінде «Медиация – дауды шешудің  жолдары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Краснояр ауылдық округінің Әкімі мен мамандары қатысты.

Глубокое аудандық сотының бас маманы К.Камзин «Медиация туралы» Заңның негізгі талаптары, Медиацияның жалпы ережелері мен принциптері жөнінде түсіндірді. Медиация рәсімі дауларды (қақтығыс) тараптардың арасында медиаторлар қатысуымен реттеу, өзара қанағаттанарлық шешімге қол жеткізу үшін, тараптардың ерікті келісімімен жүзеге асырылуда. 

Семинар сабағы барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі