Марихуана сақтағаны үшін 100 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 296-бабының, 2-бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Б. –ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта, полиция қызметкекерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралардың барысында азамат Б., тұтқынға алынып, оған жеке тінту жүргізу кезінде қағаздың ішінде оралған жалпы салмағы 4,62 грамм  «кептірілген марихуана» табылып,  тәркілендігі анықталды.

Соттың үкімімен азамат Б. марихуана сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс ретінде жаза тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі