Мамандандырылған сотта алқабилердің қатысуымен істің қаралуы жалғастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен М-ға қатысты сот процесі жалғастырылды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы М. облыс бойынша  ішкі істер бөлімінің  қызметкері болып жұмысын атқара отырып, өзінің қызмет бабын асыра сілтеп бір адамды өлтіріп және екінші адамды өлтіруге оқталған .

Алдын ала тыңдау кезінде сотталушы М.-нан өз ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты түскен.

Арнаулы сот отырысында, сот талқылауына қатыстыру үшін алқабилікке кандидаттарды іріктеу өткізілді.

Іріктелген он екі алқабидің, оны негізгі құрам болып саналады, ал осы негізгі құрамның  алқабилері өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда қосалқы екі алқаби іске кірістіріледі. Барлық алқабилер ант қабылдайды.

Сонымен қатар сотпен, ШҚМУ-нің заң факультетінің студенттеріне сот процесіне қатысып, сот алқабилерінің қатысуымен аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санаттағы істерді қарауда тәжірибелік дағды алу мүмкіндігі жасалды.

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі