Мамандандырылған сотта 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төраға м.а. М. Курмановтың,  сот судьяларының және қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті. 

Ағымдағы жылдың  9 айының қорытындысы бойынша судьялардың, жалпы мамандандырылған соттың  жұмысы туралы баяндамамен сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов сөз сөйледі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төраға м.а. М. Курманов, статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, мамандандырылған сотпен қаралған істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы өткен жылмен салыстырғанда жақсарғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, өзгертілген және күші жойылған үкімдердің өткен жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалатынын, айтты.

Сонымен бірге, өзгертілген және күші жойылған сот актілерінің себептеріне тоқталып, судьяларға қылмыстық істерді  жан жақты зерделеп, талдау жасап, материалдық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Жиналыста, сот алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің тәжірибесіне аса қөңіл аударылды.

Сонымен қатар, М. Курманов ахуалдық орталығының жұмысына тоқталып, АО – онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі,- деп көрсетті. Жоғарғы Сот АО арқылы шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді көріп, оларды жедел түрде түзету бойынша шаралар қабылдай алатынын айтты.

Судьяларға қылмыстық істі қарау кезінде қиыншылық тудыратын сұрақтар бойынша кеңес беріп, сот қызметкерлеріне сот отырысының уақтылы басталуын қатаң қадағалау жөнінде нұсқау берілді.

«Сот төрелігін атқару сапасы, азаматтардың қонституциялық құқығын сақтау, сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығын, кәсіптік деңгейімізді жоғарлату біздің басты міндетіміз екенін ұмытпаумыз қажет», -  деп қорытындыладй М.С. Курманов.  

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты