Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Сот ғимаратында өту режимін және қоғамдық тәртіпті сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық сотының төрағасы Р.Омаров және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы семинарға қатысушылардың назарын сот ғимаратындағы рұқсатнама ережесі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жөніндегі арнайы қағиданың талаптарына аудартты.

Сондай-ақ, іс-шара өткізу барысында Р.Омаров күзет қызметкерлеріне өткізу режимін, ішкі объектілік режимді қатаң сақталуына, қырағылықты күшейтуге ерекше назар аударды.

Кездесу барысында қатысушылар қойған сұрақтарына жауап алып, осындай түсіндіру жұмыстары өткізілгені үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі