Қылмыстық жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  азамат  О. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК  340 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәжілісінде анықталғаны,  азамат О.  ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын учаскеден, ешқандай рұқсатсыз екі дана ағаш кесіп өз пайдасына жаратқан, осы әрекетімен мемлекеттке материалдық шығын келтірген.

Істі қарау барысында азамат О. кінәсін толық мойындады.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен О. Қазақстан Республикасы ҚК 340-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағымен кінәлі деп танылып,  оған жаза ретінде 25 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі