Қылмыстық теріс қылығы үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылып екі жүз сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің (әрі қарай ҚК) 346-бабы 1-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  айыпталушы К. 2017 жылдың 1 сәуіріндегі Тарбағатай аудандық сотының қаулысы негізінде  Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті  алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

26.08.2017 жылғы №368 санды медициналық куәландыру қорытындысы бойынша азамат К. жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйде болған. Сот талқылау барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен К. ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан (көлік құралын басқару құқығынан) айыру және 200 (екі жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.     

Үкім заңды күшіне енді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі