Қылмыстық іс сотталушы мен жәбірленушінің татуласына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Е. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Е. өзінің ескі танысы М. есімді азаматтың  тұрып жатқан үйіне кіріп жатын бөлмеде жатқан «Нокиа» маркалы ұялы телефонын, флешкасын, терезе алында тұрған «классик» маркалы темекісін жасырын ұрлап, жәбірленуші М.-ға 10200 теңге материалдық залал келтірген.

Е.-ны ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық ісі сотталушының жәбірленушімен өз-ара медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде тоқтатылып, сотталушы Е. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі