Қылмыстық іс бойынша сотталушы сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотына Н. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабы 1 бөлігімен (сотқа құрметтемеушілік білдіру)  әкімшілік іс қаралды.

Н. өзіне қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен қозғалған теріс қылық жасаған қылмыстық ісіне сотқа кешігіп келген.

Н.-ның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны сот отырысында өз дәлелін тапты, оның әрекеті  осы баппен дұрыс дәрежеленген, себебі ол сотпен қаралатын өзіне қатысты қылмыстық ісіне кешігіп келіп, сотқа сыйламаушылық, құрметтемеушілік көрсеткен.

Н. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалынды.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі