Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Б.Зәбенов, БАҚ өкілдерінің қатысуымен қылмсытық іс бойынша брифинг өткізді.

Судья Қ.Б.Зәбенов сотталушы К-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сауалдарына жауап берді. Сотталған К. алкогольдік масаң күйінде қару қолдану арқылы жәбірленуші И-ды  қазаға ұшыратқан.

Сот үкімімен сотталушы К-ға 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. К-ның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі