Күршім ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы  Р. Омаров  жергілікті «Рауан-Заря» газетінің тілшісіне арнап брифинг өткізді.

Кездесу барысында Р. Омаров бұқаралық ақпарат құралдардың өкіліне 2017 жылдың 9 айында соттың атқарған жұмыс қорытындысы жайлы ақпарат берді.

Р.Омаровпен қылмыстық және азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. Сонымен қатар, келісім өндірісімен қаралған істердің, қылмыстық істерді қарау кезінде жазалау іс-тәжірибесі, қамауға алуды санкциялау, пробация органының ұсынысы бойынша қаралған материалдар туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, көптеген азаматтық істердің бұйрық өндірісімен аяқталғанын, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тараптардың медиативті келісімге келулеріне байланысты қысқартудың артқанына ерекше тоқталды. Есептік кезеңде сотпен қоғамдық пікір туғызатын істердің қаралмағанын атап өтті.

Кездесу қорытындысыңда журналистің өзекті мәселелер жайлы сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі