Күршім аудандық сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында  судьялар мен сот мамандарының қатысуымен  ер мен әйел адамдардың елдің саяси өмірінде теңдігін тең қамтамасыз ету бойынша семинар сабағы  өтті.

Өз баяндамасында  кеңсе меңгерушісі А.Мұхаметқалиева бүгінде бүкіл әлемде қоғамда және саясатта әйелдердің әлеуметтік рөлін орнықтырылған қайта қарау процесі жүріп жатқандығын баяндады. Өз сөзінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» Ұлт Жоспарын бағытын жүзеге асыруда Қазақстан әйелдері - бұл белсенді ауқымды стратегиялық ресурсы екенін атап өтті.

Іс шара соңында семинар сабағына қатысушылар, гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру, қоғамдағы тең құқықтар мен тең мүмкіндіктердің қалыптасуына  ықпал ететіндігін айтты.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі