Құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 73-1 бабының 1 бөлігімен аудандық ішкі істер бөлімінен түскен іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушының Көкжыра ауылы орталық көшесінің бойында автокөліктін ішінде  аз.Л-мен  сөзге келісіпей жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны, сот-медициналық сараптама қорытындысымен,  құқық бұзушының кінәсін толық мойындап берген жауабымен анықталды.

Жәбірленуші мен құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласып, бұл жөнінде сотқа медиация туралы шартын табыс еткен. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27 бабының 1 бөлігіне сәйкес істі медиация тәртібімен аяқтауға кедергі келтіретін негіздер болған жоқ.

Судья, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1бабының 1 бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64 бабының 1 бөлігінің негізінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі