Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азамат ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шеттетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен Қытай Халық Республикасының  азаматы  В.Б.-ның  халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы туралы әкімшілік ісі қаралған.  

Сот  мәжіліс барысында, ҚХР азаматы В.Б. ҚР аумағында шетел азаматтарының болу ережесін бұзып, әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған, яғни шекара шегінен өтуге мерзімі өткеннен кейін 15 тәулік бойы ешқандай тіркеусіз ҚР-да жүрген.

Үржар ауданының № 2  аудандық сотының қаулысымен В.Б.  ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан  Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі