Қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

6 қазан 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс  бойынша алдын ала тыңдау өткізілді.

2014 жылы сотталушы Д., А. тыйым салынған ойын бизнесін жүргізіп пайда табу мақсатында, ұйымдастырылған қылмыстық топ құрған, яғни жасырын ойын автоматтарын қолдану арқылы заңсыз іскерлік әрекеттер жасаған.

Сотталушылар П., Т., С., С., А.-лар ұйымдастырылған қылмыстық топқа тартқан, өздерінен басқа лауазымды адамдар бола тұра ақшалы сыйақыға қызмет көрсетіп, қылмыстары ашылып қалмау үшін алдын ала болатын тексерулер туралы хабарлап отырған.

Басты сот талқылауы 11 қазанға  тағайындалды.

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі