Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қоғамда болып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың көп жағдайда алкогольдік масаң күйде болған тұлғалармен жасалатындығы белгілі. Осы орайда, қылмыстардың алдын алу үшін, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жүрген ұсақ бұзақыларды жауапкершілікке тарту жұмыстары қарқынды болуы қажет. 

Күршім ауданының № 2 аудандық соты бір жыл ішінде бірнеше мәрте көпшілік орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған, дәл сол әрекетін 2017 жылдың  сәуір айында Күршім ауданының Марқакөл ауылы Бауыржан Момышұлы көшесінде тағы да қайталап, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болған Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот отырысында азамат Д. өз кінәсін толық мойындап, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Сот қаулысымен Д. ӘҚБтК-нің 440-бабының, 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі