«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төраға А.Н.Жумагулованың бастауымен, «№ 32 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы № 33 орта мектеп» КММ, Дарынды балдарға арналған № 34 мектеп - лицей» КММ, «№ 35 орта мектеп» КММ, № 36 орта мектеп» КММ, № 37 орта мектеп» КММ, № 38 орта мектеп» КММ, № 39 орта мектеп» КММ  директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Төраға А.Н.Жумагулова Қылмыстық заңнама кәмелетке толған азаматтар мен кәмелетке толмаған азаматтарға бірдей қолданылатынына тоқталып, кәмелетке толмағандардың пайдақорлықпен жасалатын ауыр қылмыстардың көп кездесетінін айтып кетті. Психологиялық тұрақсыздығына байланысты кәмелетке толмағандар көбінесе қылмыстарды бірлесіп жасайтынына мән берді. Өкінішке орай, кәмелетке толмаған азаматтар қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмейді.

Қылмыстық Кодекстің 122 бабы (16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа  немесе басқада сексуалды қатынасқа түсу) бойынша жасалатын қылмысқа дөңгелек үстелге қатысушылардың ерекше зейінін бұрды.

Сонымен  қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі бойынша қиындық туындататын сұрақтарға тоқталып, судьялардың мектеп қабырғасында өткізетін лекциялар кестесі бекітілді.

Іс-шараның аяғында төраға А.Н. Жумагулова оқушылардың құық бұзушылықтарға баруының алдын-алу мақсатында, олармен психологтардың әңгімелесуін арттыру керектігі жөнінде ұсыныс  жасады.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық  сотының

баспасөз қызметі