Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында А. деген азаматқа қатысты танысына қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны үшін ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Азамат А. Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы үйінде өзімен бірге отырған танысы Б деген азаматпен сөзге келіспей қалып, оны ұрып-соғып, оған қасақаны жеңіл дене жарақатын салған.

Сот талқылауы барысында құқық бұзушы мен жәбірленуші кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара татуласып, медиациялық келісім-шарт жасасқан, медиациялық келісім-шарт сотпен бекітіліп, құқық бұзушы әкімшілік жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі