Әкелікті анықтау туралы талап арыз медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында талап қоюшы Э.-ның жауапкер Б - ға қатысты әкелікті анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен істі қарауы барысында, жауапкердің бүгінгі күнге дейін өзінің туған баласын мойындамай келгені анықталған, сол себепті талап қоюшы соттан озінің кәмелет жасына толмаған қызына қатысты әкелікті тануды сұраған.

Сот отырысында тараптар кәсіби емес медиатор Н.Жадранованың қатысуымен, сотқа медиация тәртібімен келісімге келгендерін көрсетіп, жауапкер Б. әкелікті танып, азаматтық істі тоқтатуды сұрады.

Іс құжаттарын зерделеп, сот даудың медиациялық тәртіппен бітімгерлікке келуіне байланысты азаматтық істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі