Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша Ресей Федерациясының азаматшасы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, аз.А. 2017 жылдың 31 қаңтарында жеке шаруаларымен Қазақстан Республикасының аумағына келген. Өскемен қаласының ЖПҚ көші-қон полициясы бөлімінде Өскемен қаласы В көшесі, мекен-жайындағы үйге 2017 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімге уақытша тіркелген.  Алайда, ол тіркелген уақыттан бастап, тіркеуде көрсетілген мекен-жайда емес, басқа мекен-жайдағы үйде тұрған.

Өзінің бұл әрекетімен тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмау арқылы ол Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот А.-ны ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік шара ретінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы етті.

Сот қаулысы заңды күшіне енгізілді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

бапасөз қызметі