Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер каласының мамандандырылған әкімшілік сотында көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың  қыркүйегінде  ӘҚБтК-тің 517 бабының, 5-бөлігіне сәйкес көші-қон саласындағы құқық бұзушылықты жасағаны үшiн жазаға тартылған  Украинаның азаматы  О., 2017 жылдың 24 наурызы күні,  уәкiлеттi органның рұқсатынсыз  «Огонек»  шағын базарында аяқ киім сатушы ретінде  заңсыз жұмыс атқарып жатқан кезінде қайтадан ұсталды.

Сот қаулысымен О., ӘҚБтК-нің  517 бабының, 7 бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алумен  Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу  түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер каласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз-қызметі