Қазақстан Республикасында шетелдік адамның болу тәртібін бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 517 бабы 4 бөлігімен әкімшілік іс қаралды. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы)

2016 жылдың маусым  айының  11 күні Қазақстан Республикасы аумағына келіп, 2017 жылдың 9 қыркүйегіне дейін тіркелген, Ресей Федерациясының азаматы Ч. 2017 жылдың қазан айының 3 күні анықталды. Мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шыққан жоқ.Сонымен көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімі ішінде кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды

Сот қаулысымен Ресей Федерациясының азаматы Ч әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517 бабы 4 бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі