«Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған жиналыс өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое ауданы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа бағытына жауапты комитеті мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған жиналыс өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Дюсембинов Б.С., Жайылғанова А.Н., Бижанова Г.К., Глубокое ауданының Әкімі Қ.Байгонусов, Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт, судьялар Б. Әміров, А.Рахимжанова, А.Болатова, И.Рахметова, прокуратура, ішкі істер органдарының, әділет басқармасының және кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.    Жиынның басты мақсаты Заң жобасына байланысты құқық қолданушы органдар өкілдерінің ұсыныстарды тыңдап, оларды талқылап, топтастыру болып табылды.

Іс-шара барысында Заң жобасы мұқият зерделеніп, судьялардың, прокурорлардың және басқа да құқық қолданушы органдар өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.

Жалпы жиналыс қорытындысы бойынша өзекті әрі маңызды деп танылған сұрақтар жинақталды және олар депутаттар назарына алынды.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі