«Қазақстан Өскемен» телеарнасындағы 2017 жылдың 9 айының жұмыстарының қорытындысы туралы сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалалық сотының төрағасы  «Қазақстан Өскемен» телеарнасында 2017 жылдың 9 айының жұмыстарының қорытындысы бойынша сұхбат берді.

Сөз басында төраға Өскемен қалалық сотының тарихына, оның ішінде алғашқы төрағалар тұлғаларына және «100 нақты қадам- Ұлт жоспарындағы»  заң саласының үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше тоқталып өтті.

Соттар азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау бойынша көптеген жұмыс атқарды. Сот төрағасы 2017 жылдың 9 айының қортындысы бойынша соттың сапалы және санды  статистикалық көрсеткіштерін атады.

2017 жылдың 9 айында  барлығы-15362 талап арыз  және 285  азаматтық іс түскен, 2016 жылдың 9 айында барлығы-14669 талап арыз  және 143 азаматтық іс түскен, яғни түскен талап арыздардың саны 693 арызға  артқанын көруге болады.

Бұл ретте « Сот кабинеті» сервисі арқылы  15362 талап арыз түскен, бұл түскен талап арыздардың 100 пайызын құрайды.

Барлығы -15239  іс қаралған, былтырғы жылы 14242 іс қаралған, яғни  қаралған істердің саны 997 іске немесе 7 пайызға артқан. Медиациялық рәсім бекітумен 723 іс  аяқталған.

2017 жылдың 9 айында  шешім шығарумен-7393 іс, 2016 жылы  8599  іс шешім шығарумен қаралған.

Сонымен қатар 2017 жылдың 9 айында 78 жеке ұйғарым шығарылып, оның ішінде 2 жеке ұйғарым бойынша қылмыстық іс қозғалып, 4-уі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бір жеке ұйғарым бойынша жеке сот орындаушының лицензиясы тоқтатылды.

Конференция барысында сот төрелігін сапасын жетілдіруне ас мән берілді, азаматтық істер бойынша  сот төрелігін жүзеге асыру сапасының артқанына  2016 жылмен салыстырғандағы  статистикалық мәләметтердің көрсеткіштері мәлім. Апта сайын жоспарға сәйкес істердің дұрыс және біркелкі қаралуын қамтамасыз ету мақсатында  сотта судьялар арасында   семинар сабақтары өткізіліп тұрады.

Өздеріңізге белгілі қоғам алдында сот билігінің беделін арттыру мақсатында,  сот жүйесінің тәуелсіздігі  мен қолжетімділігі басты міндеттердің бірі болып табылады. Жоғары тұрған сот  сатысымен  тексерілген сот актілерінің заңдылығымен,  сот төрелігін жүзеге асыру сапасының тұрақтылығын көрсететін сот жұмысына деген басты талап, өзгеріссіз қалады деп атап өтті сот төрағасы  Бауыржан Тайтөлеуов.

Бауыржан Қабыкенұлы өз баяндамасын қортындылай келе жоғары сот басшыларымен сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің  тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерді орындау үшін, қажетті шаралардың барлығы осы жылы қолданылатынын айтты.

Баспасөз маслихатының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі