Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының төрағалығымен күн тәртібінде: «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырудың негізі»  атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.

Аталған шараға барлық өңірдің Ассамблея  мүшелері,  Парламент депутаттары, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің, депутаттар корпусы, дипломатиялық корпустың, орталық атқару органдарының, саяси партиялардың, діни бирлестіктердің, ҮЕҰ, ЖОО ректорлары, шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Жоғарғы Соттың судьясы У.А.Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Ш. Жұмақсанов қатысты.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде, "Бұл ұйым құрылғаннан бері этносаралық қарым-қатынастарды дамытудың және еліміздің бірлігін нығайтудың негізгі механизмінің басты институты болды. Мұның көмегімен  этносаралық толерантылықтың және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі құрылды. Басқа елдер бұл тәжіирибені қабылдауда.  Бүгінгі кездесу «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырудың негізі»  деген атаумен өткізілуде" - деп атап өтті.  

Сессиядағы басты мәселе,  бұл – мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» мақаласында ұсынған жоба және алдымыздағы ЭКСПО - 2017 халықаралық көрме жөнінде болды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

 баспасөз қызметі