Қауіпсіздік туралы шара

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев кеңсе меңгерушісі  А.А. Иманбаев және «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) ММ-нің Риддер взводы жетекшілігімен сот ғимаратының, судьялар мен қызметкерлердің, сонымен қатар процестерге қатысушылардың қауіпсіздігі тақырыбына жұмыс жиналысын өткізді.

Риддер қалалық соты ғимаратына енгізу-өткізу және ішкі нысандық режимдерді қамтамасыз ету осы взвод қызметкерлерімен сот приставтарымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) ММ-нің Риддер взводы командирі полиция аға лейтенанты Б.Ж.Жекеев «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың іс-әрекетін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 03.05.2016 ж. №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрімен 05.05.2016 ж. №489 бірлескен  бұйрығымен бекітілген «Сот ғимаратына енгізу-өткізу және ішкі нысандық режимдерді қамтамасыз ету Ережелері» талаптарының қалай орындалып жатқанын баяндады. «Риддер қалалық соты» бекеті бір қызметкермен күзетіледі, ал демалыс, мереке күндері бекет қосымша қызметкермен күшейтілетінін айтып өтті.

Қатысушылар сот ғимаратының, аумағының күзетілу және ішкі, сыртқы бейнебақылау құралдарының жағдайлары туралы  талқылады.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі