Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинетін қолданудың тиімділігі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотының бас маманы Ж.Хамитов сотқа келушілерге «Сот кабинеті» жүйесі арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретінін және сервистің негізгі мақсаты азаматтарға, өкілдерге, адвокаттарға талап арыздарды және басқа да жүгінулерді сотқа интернет арқылы жолдауға мүмкіндік беретіні, бұл азаматтардың қаражатымен уақытын үнемдеуге, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмауға, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға себепкер болатынын айтып, қатысушыларға «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс жасау және  арыздарды жолдау тәртібін,  «Сот кабинеті» арқылы азаматтар талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескертпе келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді беріп,  мемлекеттік бажды төлеуге болатындығын, кез келген ел тұрғыны өзіне қолайлы уақытта сот актілерін қарап, істің құжаттарымен танысып, сот актісін басып шығара алатындығын көрсетіп атап өтті.

Іс шара соңында «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыздарды және құжаттарды жолдау тәртібі көрсетілді.

Шараға қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптарын алды.

 

Катонқарағай ауданының №2

аудандық сотының баспасөз қызметі