Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында партисипативтік рәсім қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкерлер  К. және С. жауапкер А-ға жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығын, рухани залалды өндіру туралы талап арыз келтірген.  Сотта әр тараптың мүддесін адвокаттар қорғады.

Сот отырысында тараптарға құқықтарымен, дауды партисипативті келісім арқылы реттеу рәсімі түсіндірілді. Заң консультациясының адвокаттары А.Құсманов және А.Попков дауды партисипативті келісім арқылы реттеу рәсіміне белсене қатысты.

Олардың кәсіпқойлығы арқасында партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.  

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының

№ 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі