Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өтті.

Іс шараға  сот қызметкерлері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова және  «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ж.Труханова Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жаңартылғансоттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар екенін, яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті. Сот актілерінің уақытылы орындалмауы соттың шығарған шешімінің құндылығын жоғалтатынын айтып, орындалмаған сот актілерінің саны мен оларды орындауға кедергі келтірген себептерін, сот шешімдері, үкімдері мен қаулыларының уақытылы орындалу мақсатында сотпен қолданылатын іс шараларға тоқталды.

Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова өз сөзінде,  сот актілерінің уақытылы орындалуына сот орындаушылар баса көңіл аударатынына тоқталды.  Борышкерлердің табыс көзі  және жұмыстарының жоқтығы сот актілерінің орындалмауының себебі екенін түсіндірді, сот орындаушылармен сот актілерін қасақана орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік істер сотқа жолданып, кінәлі адамдар жазаға тартылғанын айтты.

Іс шарада сот актілерін орындау кезінде туындайтын қиыншылықтар туралы сұрақтар талқыланды.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі