Катонқарағай ауданының № 2 сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 сотының төрағасымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар жұмысына соттың судьялары қатысты.

Шара барысында судья Г.Т.Кудербаева баяндама жасап, Азаматтық процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдері, сондай-ақ заңдық маңызы бар фактілерді анықтау бойынша заң талаптары, талап қою арыздарын қабылдаудан бас тарту және қайтару туралы да айтып өтті.

Соттың төрағасы А.М.Әли, өз сөзінде АПК бойынша медиацияны қолдануда соттың  көрсеткіштерін айтып, татуластыру рәсімдерімен аяқталған істерді көбейту және партисипативтік рәсімді қолдануды жолға қою мәселесін пысықтауды тапсырды.

Іс-шараның соңында қатысушылар өзара пікір алмасып,  медиацияны, оның ішінде партисипативтік рәсімді қолдану сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар жасады.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі