Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Катонқарағай ауданының №2 аудандық стының судьясы Г.Күдербаева, Катонқарағай ауылындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Өз сөзінде судья Г.Күдербаева   заңнаманы қолдану негізінде ересектерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға  да қатысты принциптері жатқанын, алайда заңнама құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандарды жауапкершілікке тарту бойынша ерекшелікпен қарауды міндеттейтінін, физиологилық, психологиялық және өзге де мән-жайлар деректерін есепке алу кезінде кәмелетке толмағандарға жауапкершілікті және жазаны тағайындау кезінде ең оңтайлы тәсіл қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Судья кәмелетке толмағандардың  қай жастан жауапкершілікке тартуға жататынына да қысқаша тоқталып  өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікірлерімен бөлісіп,  аталған іс шараның маңызыдылығына тоқталды.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі