Катонқарағай аудандық сотында тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқықтық  білімін арттыру мен кәсіби біліктілігін жоғарылату  мақсатында Катонқарғай аудандық сотының төрағасы  Б. Секербеков оқу-әдістемелік  тәжірибесін өтіп жүрген  М.Еркебаевамен тренинг өткізді.

Сот төрағасы ҚР-ғы  сот жүйесі мен судьялар мәртебесі жайлы және биліктің бөліну жүйесіндегі сот билігінің орны туралы атап өтті. Сот жүйесіндегі соңғы өзгерістерінің басты аспектілерін айтты. Заңның үстемдік етуін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы  институционалдық реформасы жайлы түсіндірді және оны жүзеге асыру үшін нақты 19 қадам қарастырылғанын айтты.

Тренинг соңында М. Еркебаева  өткізілген қызықты іс-шара үшін ризашылығын білдіріп, өзіне құқықтық саласынан көптеген жаңалықтарды білгенін және құқықтық санасын жоғарылатқанын айтты. 

 

Катонқарғай аудандық сотының

баспасөз қызметі