Катонқарағай аудандық сотында «Мобильды сот кабинет» сервисі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Мобильды сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жансултанова, Қазақстан Республикасы  Президентінің 20 қараша 2013 жылғы Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде тапсырған тапсырмасын орындау мақсатында, сот жүйесін ақпараттандыру бойынша жобалы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жоспарлы іс-шаралардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының  «Сот кабинеті» сервисі электронды іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. 2017 жылдан бастап сотта мобильды сот кабинеті сервисы іске қосылды, яғни тараптар сотқа келмей интернетке қосылған мобильды құрылғы арқылы сот процессіне қатыса алады. Тіркелу үшін қолданушының ЖТН және мобильді телефонның номері қажет, алдын ала сот кабинетін қолдану туралы келісіміне қол қояды. Тіркелу үшін көрсетілген телефон номеріне хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Аталған сервис арқылы Сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және Сот кабинеті веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот органына жолдаған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама арқылы мәтіндермен алмасу мүмкіншіліктері бар.

Дөңгелек үстел қорытындысында, қатысушылар ойларымен бөлісіп, мобильдік сот кабинетінің жағымды жақтарын атап өтті.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспа сөз қызметі