Катонқарағай аудандық сотында, «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында, «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» жайында семинар өткізілді.

Аталған іс шараға ішкі істер органының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және коммерциялық организацияларының өкілдері қатысты.

Катонқарағай аудандық кеңсе менгерушісі Э.Жансултанова  өз сөзінде Жоғары Соттың жасалған жобасының басымдылығы мен келешігі бар екенін атап айтты, бұл жоба медиация институтын одан әрі дамуына жаңа серпін береді, татуластыру процедураларын қолдану ортасын кеңейтуді, азаматтардың сот процессі шығыстарын барынша азайту және халықтың дауды соттан тыс шешуі мүдделігін көрсетеді.

Семинарға қатысушылармен жекелеген істердің санаттары бойынша медиация рәсімін өткізудің өзекті мәселелері талқыланды.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі