Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолмен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның Б.Байбусыновқа қатысты қарызды өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер  22 608 теңге қарызын өтеген жағдайда өз арыз талаптарынан бас тартады.                                                                           

Азаматтық процестік кодексінің 179-бабына сәйкес тараптар кеңесу бөлмесіне соттың шығып кетуіне дейін алғашқы,  апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруге құқылы. 

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. ҚР Салық Кодексінің 548-бабы бойынша талапкерге төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.                                                

Ұйғарым  заңды күшіне енді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі