Қаруды заңсыз иеленіп және сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Семей қаласының темір жол вокзалының ғимаратында ішкі істер органдарында тіркелмеген «Шмель 618 TYPE» маркалы электрлік қаруын заңсыз иеленіп, сақтаған азамат К. ұсталған, яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігін бұзған.

Сот қаулысымен  азамат К. кінәлі деп танылып,  «Шмель 618 TYPE» маркалы электр қаруын тәркілей отырып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45380 теңге  (қырық бес мың үш жүз секен) айыппұл салу туралы жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі