«Қарттар күні» мерекесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.                                                                                          

Халықаралық «Қарттар күні» мейрамы қарсанында  Бесқарағай  аудандық сотының ұжымы  Бесқарағай ауылында тұратын тыл ардагерлері М.Айткалиеваны халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар сыйлады.                                                                                                      

Сот ұжымы тыл ардагері М.Айткалиеваға  жылы сөздерін айтып, естелік сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде қадірменді қариялар да ерекше ықылас танытқан ұйымшыл ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тіледі.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі