Глубокое аудандық сотында мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық соты ғимаратында Глубокое кентінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күні өткізілді.

9-11 сыныптардың оқушылары аудандық соттың судьяларымен кездесіп, сот жүйесі жайлы және сот кеңсесінің жұмысы жөнінде ақпаратты тындап, барлық туындаған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Мектеп түлектермен сот төрағасы Серік Жансейітұлы және кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов кездесу өткізді. Қонақтар бейне-жазба жүйесімен жабдықталған сот залдарын, судьялар мен сот мамандардың қызметтік орындарын көріп, жұмыс процесімен танысты.

Одан әрі, іс-шараға қатысушылар сұрақ – жауап форматында қосымша ақпарат алу үшін судья Ә.Болатовамен сұхбат жүргізді.

Шара соңында Ә.Болатова Ашық есік күнінің басты мақсаты - мектеп тулектеріне болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беріп, заңгер болуға ниет білдіретін жастарды анықтау екендігін айтты.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі