Глубокое аудандық сотында баспасөз конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған, соттың 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізілді.

Баспасөз конференция барысында сот төрағасы С.Жансейітұлы аталмыш кезеңде аудандық соттың жұмысы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, қағазбастылыққа жол бермеуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, сонымен қатар, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды орындауға бағытталғанын атап өтті.

Аудандық соттың 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы жайлы айта келе, кейбір статистикалық мәліметтерге тоқталды. Бірінші тоқсанда Глубокое аудандық сотымен 503 азаматтық, 51 қылмыстық және 346 әкімшілік істер қаралған. Олардың ішінде 30 азаматтық, 13 қылмыстық және 40 әкімшілік іс татуластыру рәсімдерін қолданып, соның ішінде медиация тәртібімен аяқталған.

Баспасөз конференция барысында аудандық газеттердің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі