Есірткі затын сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Жарма АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен «Допинг» атты жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті А.-ның Шар қаласы Қабанбай көшесі №134 үйдің 2 пәтерінде орналасақан үйінде 2,4065 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сот отырысында сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

Сот үкімімен сотталушы А.-ға 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды және сараптама өткізгені үшін процессуалдық шығындар мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жарма ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі