Ерекше талаптарды бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, Курчатов қалалық сотының 2017 жылғы 06 ақпанындағы қаулысына сәйкес С.-ның мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiленіп, ерекше талаптар мерзімі ішінде онымен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін, әр айдың 1-ші дүйсенбісі күні тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне келіп тұру міндеті жүктелген. Бірақ ол Курчатов қалалық полиция бөліміне тіркеуге келмей, соттың қаулысын орындамаған.

Соттың қаулысына сәйкес С. ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) тәулік әкімшілік қамаққа алу әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі