Дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов Самар жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрісте сот приставы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы айтты.

 Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтті.

Дәріс соңында қатысушылар «жемқорлыққа қарсы стратегия» туралы өз пікірлерін білдірді.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі