Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, Күршім ауданының Әділет басқармасының басшысы Ж.Сейтканов, Күршім ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы А.Кудакенова, Күршім ауданының мемлекеттік  кірістер басқармасының заңгері С.Карыпов, жекеше нотариус Колмыкпаев А., Күршім АІІБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Д.Алимханов   қатысты.   

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы Е.Т.Шымыров қатысушыларға  пилоттық жобаның жалпы ережелері, тұжырымдамалары, мақсаттары, міндеттері мен рәсімдерді туралы әңгімеледі.Тағы  да мүлікті бөлу,  некені бұзу, баланы алып алу, баламен ата-ананың араласу тәртібін айқындау туралы, кредиттік шарттар және баланың тұрғылықты орнын белгілеу туралы, кейбір еңбек дауларын, медиацияны жүргізу үшін қажетті даулар санаттарын түсіндірді.

Сот төрағасы сөзін қорытындылай келе, «дөңгелек үстелге» қатысушыларды дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша бірлесіп әріптестік қызмет жасауға шақырды.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі