«Дауларды медиация тәртібі арқылы реттеу» тақырыбына дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық Достық үйінде  «Дауларды медиация тәртібі арқылы реттеу» тақырыбында дәріс өткізілді.  Іс-шараға ауылдың кәсіпқой емес медиаторлары мен сот қызметкерлері қатысты.  Бесқарағай аудандық сотынын судьясы А.С.Калиев 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі күшіне енгендігі туралы, соттағы татуластыру тәртіптері заңнамаға сай кеңейтілгендігі туралы баяндама оқыды. Сот медиациясы институты алғаш енгізілді. Азаматтық  процестік кодексінде табыстыру тәртіптерінің әр түрін регламенттеуге арналған бөлек тарау бөлінген. Бірінші сатылы сотта медиация өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың сұранысы бойынша медиацияны, өндірісінде болған судья жүргізе алады. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізетін күнді белгілейді және оның өту уақыты мен орны туралы тараптарға хабарланады. Соттағы медиация Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.                                                                         

Дәрісті қорытындылай келе, А.С.Калиев кодекстің бөлек тарауындағы көрсетілген істерді нақты регламенттесе, судьялардың медиация өткізу мүмкіншіліктерін бекітсе, іс татуласумен аяқталса төленген мемлекеттік бажды бюджеттен қайтарса, тараптар дауларды бейбіт жолмен шешуге тырысса, бұл соттағы жүктеменің азаюына әкеледі, сот ісінің тиімділігі мен жылдамдығы артады, мұның бәрі қоғамдағы шиеленістердің азаюына және халықтың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыратынын атап өтті.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі