Бородулиха аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында сот жүйесінің ардагері – Чеботко Галина Николаевнаның туған күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Чеботко Галина Николаевна 1956 жылы 10 сәуір күні  дүниеге келген.  Галина Николаевнаның  мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 40 жылдан асады, оның ішінде 1991 жылдаң бастап 2015 жылға дейінгі аралықта осы соттың сот отырысының хатшысы болып қызмет атқарған.

Галина Николаевна өзінің өміріндегі қызметін  тәуелсіз Қазақстанның сот төрелігінің қалыптасуына арнап, білікті де кәсіби мамандарды даярлады.

Салтанатты іс-шараның соңында, сот төрағасы С.Д.Байбосынова ұжымның атынан Чеботко Галина Николаевнаға естелік сыйлық тарту етіп, отбасына амандық, мықты денсаулық тіледі.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі