Бородулиха аудандық сотымен медиация және партисипативтік рәсім тәртібінде 257 іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиация Қазақстандағы сот төрелігінің негізгі басымдылығы, даулар мен жанжалдарды шешудің  балама шешімдерін енгізетін құқықтық жүйені дамытудың үлкен әлеуеті.

Тараптар көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Бородулиха аудандық сотымен 2017 жылдың 9 ай ішінде 1114 азаматтық, 537 әкімшілік, 95 қылмыстық іс аяқталған. Оның ішінде медиация тәртібінде 151 азаматтық (13,6%), 55 әкімшілік (10,2%), 41 қылмыстық (43,2%) іс қысқартылған. Партисипативтік рәсім тәртібінде 10 азаматтық іс (0,9) қысқартылды.

Сот медиация институтын ілгерілету үшін және 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы белсенді жұмыс істейді.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі